|
Автор: Ануар Абдрахманов
16.11.2011 23:29
|
|
13 күні Алматы қаласының орталық стадионында, Қазақстан кубогінің ақтық ойыны өтті. Жүлде үшін шымкенттік “Ордабасы” және қостанайлық “Тобыл” тартысты.
Бірінші сәттерден ақ Қостанайлықтар тез голды салуға ұмтылды. Бірақ әрекеттері қауіпсіз болды. Жақсы қорғана білген шымкеттіктер, өздері жабуылдай бастады. 4-5 минуттың арасында "Ордабасы" ойыншылары "Тобылдың" қақпасына 3 жойқын соққы жасады Алайда "Тобылдың" қақпашысы өз орнында болды. "Тобыл" қауіпті шабуылмен жауап қайтара білді, Гридинге гол соғуға сәл жылдамдық жетпеді . 1 таймның соңында "Ордабасы" есепті ашты. Артем Касьянов допты алаң сыртынан қолмен лақтырып, айып алаңының бергі жағында тұрған Александар Трайковичке жеткізеді, Трайкович ортада ашық тұрған Мұхтар Мұхтаровқа баспен допты қақпаға салды.Есеп 1:0. 1-ші тайм осындай есеппен бітті.
2-ші таймда шымкенттіктер ойынды өз қолдарына алды. 2-ші таймда "Ордабасы" өте көп шабуылдады. Алайда ұйымдастырған сәттерінің жартысын да іске асыра алмады. Кей жерде сәттілік жетіспеді, кей жерде шабуылшылардың өздері де қателікке бой алдырып тұрды. Тағы бір фактордың есімі Ярослав Багинский болды.Бұл Тобыл қақпашысы үшін ең жұлдызды ойын болуы керек.Қостанайлықтарда да гол соғу үшін бір мүмкіндік болды. Қосымша минутта Богданов алыс қашықтықтан жойқын соққы жасады. Ордабасы клубының қақпашысы Алмат Бекбаев «сиқырлы» сейв жасап командасына жеңіс сыйлады. Ойын аяқталды. Есеп 1:0! Бұл Ордабасы клубының тарихындағы бірінші үлкен жеңіс. Сонымен, 2011 жылғы Қазақстан Республикасының кубогі Шымкент қаласына кетті! |
|
Рубрика -
Превью и обзоры
|
Комментарии
RSS лента комментариев этой записи