Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Тимур Сегізбаев: "Беранек әлемдік аренаға шығатын бапкер емес"
Просмотров: 571
Голосов (12)
Автор: footbol.kz   13.04.2011 15:56

Қазақ футболының жарық жұлдызы, теңбіл доптың тарланбозы Тимур Сегізбаевтың сырқатынан сауығып, аяғынан тұруға жарап қалғанын естіген соң арнайы көңілін сұрай барғамыз. Денсаулығы сыр беріп соңғы жылда үш рет пышаққа түскен ағамыздың төсек тартып жатып қалғаны қабырғамызды қайыстырып, көңілімізді алаң қылғаны рас. Шүкір, қазір беті бері қарап, өңіне шырай кіріпті. Үлкен футболдың үдерісінен толықтай хабардар екен. Кеңінен шармап, көсіле сөйлемесе де, ағамызбен отырып отандық футболдың бүгінгі беталысын бағдарлаудың сәті түсті.

 

– Тимур Санжарұлы, тәуір болғаныңызды ести сала келген бетіміз ғой. Қазір қалай, теңбіл допты дедек қаққызуға жарап қалған боларсыз?

– О не дегенің, допты көрсем делебем қозып тұрады. Біздің, алаңда жаяу жүріп жалақы алатын футболшыларымызға қарағанда, менің бабым келісіп тұр (күліп). Негізінде мені сырқат қылған осы футбол. Аяқдоптан алыстап кеткендіктен, аяқасты қатты ауырдым. Маған футболдан толықтай қол үзбей, тым болмаса осының төңірегінде қызметте қалу керек еді. Бірақ Қазақстан Футбол федерациясы мені қолдаған жоқ. Тіпті өзім баулып шығарған шәкірттерім де ат-тонын ала қашты. Әйтеуір ең бастысы, қатардамыз. Денсаулығым да жақсарып келеді.

– Ескі жараның аузын тырнағандай болсам, айып етпеңіз. Енді ел футболын сөз етсек қайтеді аға? Отандық доп додасын қадағалап отырасыз ба?

– Әрине. Мені футболшы ретінде атымды шығарып, елге белгілі қылған жасыл алаңда, ондағы жан алысып, жан беріскен бәсекелерді қалайша ұмытайын. Бұрынғыдай емес, футбол жарыстарын шама-шарқым жеткенше қадағалап отыруға тырысам. Оның өзінде үзіп-үзіп. Бірақ, бұған да тәубе. Екі-үш жыл бұрын футболға назар аударуға да шамамның келмей қалған кездері де болды ғой.

– Ұлттық құраманың Германиядан тас-талқан ұтылғанын естіген боларсыз…

– Еуропада дүркіреп тұрған «неміс машинасынан» ұтылмай қайда барамыз. Бірақ біздің құраманың жеңілісі қарсыластың атақ-абыройына ғана байланып тұрған жоқ. Жігіттерге жігер жетіспей жатыр. Кейде құрамаға өңкей қорқақ ойыншыларды жинап алған ба деген ойға қаласың. Футболшы алаңға өзін-өзі қайрап шығуы керек. Қандай қарсылас болмасын, қарымта қайтаруға болады. Ал біздің ойыншылар алаңға арыстанның аранына кіретіндей, тізелері дірілдеп шығады. Кезінде «Қайрат» қалай ойнады десеңші! Мәскеудің «Спартак», Киевтің «Динамо» командаларының атақ-даңқына қарамай-ақ алаңда соңғы минуттарға дейін барымызды салып ойнайтынбыз. Қазір ше? Қақпамызға гол кірсе болды, жігіттердің салы суға кетіп қалады.

– Ел ішінде қазақ футболы УЕФА-дан Азияға оралуы мүмкін деген сыбыс бар. Қалай ойлайсыз, сары құрлыққа қайта қосылып жатсақ, футболымыздың күйі не болады?

– Мен осы бастаманы қолдаймын. УЕФА қатарына ертерек өтіп кеткен сияқтымыз. Жанкүйерлерден де ұят. Құрама да, клубтарымыз да жеңілістен көз ашпайды. Шынын айтқанда, Батыстың белді командаларымен тең дәрежеде ойнау үшін бізге әлі біраз уақыт керек. Мүмкін он жыл, мүмкін елу жыл керек шығар. Негізі жеңіле берген де жаман. Ара-тұра жеңіп тұрмасақ, ертең Еуропаның «ергежейлі» құрамалары деңгейінде қалып қоямыз. Ал Азияға қайта оралып жатсақ, жеңістің де дәмін татамыз, әлемдік бәсекеге қатысуға да қарыс қадам мүмкіндік аламыз.

– Жалпы, біздің ішкі біріншіліктегі ойыншыларымыздың әлеуеті қандай? Олардың қарқындары мен деңгейлерін өсіруге бола ма?

– Қазір ұлттық құрамада Абдуллин мен Логвиненко орталық қорғаушылар жұбын құрап жүр. Бірақ екеуі де тіл табыса алмай жүр. Кейде тіпті бір допқа қатар секіріп жатады. Неге? Өйткені ойынды оқи білмейді. Деңгей деген ең алдымен алаңдағы жағдайды барлай білу. Ал жылдамдық, ұтымды пас берудегі қырағылық мұның бәрі жаттығуларда жетілдіретін дүниелер. Артқы шептегі «деңгейі жоғары ойыншы» деп мен ең алдымен Самат Смақовты айтар едім. Қасық қаны қалғанша шайқасатын батырлар болады ғой. Самат солардың сортынан. Ортаңғы шепте әзір ондай ойыншы жоқ. Шабуылда Таңат Нөсербаевтан үміт күтем. Таңатта шабуылшыға тән озбырлық, ең алдымен жылдамдық бар.

– Қазақстан құрамасының қазіргі бапкері Мирослав Беранектен қандай үміт күтесіз?

– Ешқандай. Беранек ұлттық құраманы әлемдік аренаға алып шығар бапкер емес. Мен оны кіналап тұрған жоқпын. Бапкер қолынан келгенін жасайды. Алайда бар мәселе ойыншыларда. Біріншілік деңгейі өспей, құрама күшеймейді. Бастысы Беранек шаруасына мұқият қараса деймін. Жеңіліп қалған кездері, стадионы ыстық екен, жолы алыс болды деп толастамас сылтаудан тау тұрғызған Шторктың кебін кимей, сәтсіздіктің анық себебін айтсын.

– Әңгімеңізге көп рахмет!


footbol.kz

Рубрика - Интервью
 

Комментарии  

 
0 # MyLifeIsLiverpool 13.04.2011 22:38
Иәәә, Тимур аға әңгімені ашық айтады екен. Әй, осы кісімен бір кездесіп әңгіме-дүкен құрса екен шіркін десей а! Сөздерінің жаны бар, Азияға қайтып оралу жайлы да бір шындық бар секілді. :-)
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+2 # meir22 14.04.2011 00:09
Я ДУМАЮ ЛУЧШЕЕ В ЕВРОПЕ СЛИШКОМ МЕДЛЕННО ПРОГРЕССИРОВАТЬ ЧЕМ ВЫЙГРЫВАТЬ В АЗИЙ! ЕСЛИ УЙДЕМ В АЗИЮ ТО ОБРАТНО В ЕВРОПУ НАС ПРОСТО НЕ ВПУСТЯТ! МОЖЕТ НАМ ПОВЕЗЕТ И ФФК ВОЗГЛАВЯТ ЛЮДИ БЛИЖЕ К ФУТБОЛУ И НАРОДУ!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Нурсултан 14.04.2011 13:34
Может нам собраться в т.н. Бойцовский клуб и организовать операцию "разгром" против ФФК)))
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица