Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Мирослав Беранек:"Германияның деңгейі әлдеқайда жоғары"
Просмотров: 759
Голосов (14)
Автор: Нұрғазы Сасаев   01.04.2011 19:34

Германия және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы Кайзерслаутерндегі ойыннан соң біздің футболшыларды жаттықтыратын чех маманы Мирослав Беранекті сөзге тартқан едік.


– Мирослав-аға, қарсыласымыз – азулы команда, жігіттеріміздің кейбіреулері матч басында қобалжып қателесті. Бәрін де түсінеміз. Десек те, бүгінгіден де өрнекті ойын үлгісін көрсек деп едік.

– Германия құрамасы – дүниежүзіндегі ең мықты командалардың бірі. Бүкіләлемдік рейтингіде үшінші орында тұр. Олардан үйде 0:3 есебімен ұтылған жоқпыз ба? Ал сіз сырт алаңда терезесі тең ойнауымыз керек демексіз бе, сонда?

– Жоқ. «Неміс мәшинесінің» қарқынын да, деңгейін де білеміз. Олар құрамында әлемнің ең үздік футболшысы (яғни Месси) ойнайтын Аргентина құрамасының өзін былтыр жазда 4:0 есебімен жүндей түткен. Сондықтан тек өз ойыншыларымызға ғана баға беріп, бүгінгі ойында кімдердің сеніміңізді ақтай алмағандығына тоқталып өтсеңіз.

– Мен ойыннан кейін ешкімді де даттап, ешкімді де мақтамаймын. Ондайым жоқ. Баспасөз құралдары үшін алаңдағы ойыншылардың ешқайсысын бөле-жара атап өтіп, қайсыбіреулерін қараламаймын. Рас, бүгінгі ойыннан сабақ алып, өзім үшін қорытынды шығардым. Бұл ойынды біз әлі бірнеше қайталап көріп, мейлінше саралайтын боламыз. Содан соң ғана ойымызды жинақтап, бәрін қорытындылап шешеміз: қайсысын баспасөз арқылы айтуға болады, қайсысын айтуға болмайды.

Жалпы, бұл ойын көп нәрсені көрсетті. Мәселен, осындай азулы қарсыластармен ойнауға болатындығын да, әлі көп тер төгуіміз қажет екендігін де. Бізге табан тіресе шайқасу керек. Қарқынымызды үдету керек. Қорғанысымыз да көп жұмыс жасауды қажет етеді. Бүгін кімнің жанталаса ойнағанын да, кімге бұл ойындағы тапсырманың тым ауыр тигендігін де көрдім. Оның бәрін жадыма түйдім. Өзіңіз көрдіңіз, екінші таймда жаман ойнаған жоқпыз. Өкінішке қарай, матч соңында төртінші голды жіберіп алдық. 0:3 есебінің жарасы сәл де болса, жеңілірек еді…

– Қақпашы Лория төрт гол жіберсе де, жаман өнер көрсеткен жоқ сияқты…

– Сидельников денсаулығы сыр беріп, бабында болмады. Лория да – жақсы қақпашы.

– Қырсық шалып, Смақов және Карпович сияқты тәжірибелі ойыншыларымыз да жарақаттанып қалды ғой. Мүмкін, солар жетіспеген болар?

– Қайтеміз енді, солай болды. Мен ойыннан кейін «олар болғанда, әлдеқандай болар ма еді» деген сарындағы әңгімеге құштар емеспін. Бәрін де алаңда көру керек.

– Сіз Алматыдағы баспасөз жиынында «Германия футболды — бесінші жылдамдықпен, ал Қазақстан екінші жылдамдықпен ойнайды» деп едіңіз. Сонда біздің құрығанда үшінші немесе төртінші жылдамдықпен ойнай алмауымызға кім кінәлі: оған ойыншыларымыздың күш-қуаты жетпей ме, әлде оларды жоғары жылдамдықта зулата алмай жүрген бапкерлеріміз бе?

– Өйткені Қазақстан чемпионатындағы командалар жоғарғы қарқында ойнамайды. Қазақстан футболы, негізінен, өз сорпасының ішінде ғана қайнауда. Ал Германия клубтары деңгейі аса жоғары Чемпиондар лигасында ойнайды. Финалына дейін жетеді. Қазіргі Германия құрамасының сапындағы екі ойыншы «Реал» (Мадрид) клубының сапында ойқастап жүр. Бірнеше ойыншысы «Баварияның» негізгі құрамында өнер көрсетеді. Ал бұл командалар өте жоғары қарқында ойнайды. Қашан Қазақстан командалары Чемпиондар лигасында ойнайтын болады, сонда біздің де қарқынымыз олармен теңесе бастайды. Қазақстан клубтарына Еурокубок додаларынан тәжірибе жинақтауға тырысу қажет.

– Жалпы, біздің ойыншыларымыздың әлеуеті қандай? Олардың қарқындары мен деңгейлерін өсіруге бола ма?

– Ол үшін көп тер төгу керек. Көп жұмыс жасау керек. Кө-өп.

Генрих ШМИДТГАЛЬ: Әттең, немістер тез гол соғып кетті…

Немістермен болған ойыннан кейін микс-аймақта өз футболшыларымызды сарыла тоссақ та, ешқайсысы шықпады. Төзіміміз таусылып, елдің бәрі тарқай бастаған сәтте, үстіне спорттық киім емес, күнделікті киім киіп алған Генрих Шмидтгальдің шыға келмесі бар ма. Күтпеген адамым шыға келгенде, таңданып та, қуанып та қалдым. Салған жерден: «Орысша сөйлейсіз бе?» — дедім. Күлімсіреп: «Аздап», — деп орысша жауап берді.

– Сіз бүгінгі матчты көрген боларсыз. Енді осы ойын туралы өз ойыңызды айтып берсеңіз.

– Өкінішке қарай, ойын басталған бетте (үшінші минутта) немістер гол соғып кетті. Тез соғылған гол біздің ойыншыларға оңай тиген жоқ. Менің ойымша, біз екінші таймда жақсы ойнадық. Немістер бізге бірнеше мүмкіндік беріп те алды.

– Өзіңіз ойнамаған соң, стадионда тақымыңызды қысып отыру қиын шығар?

– Әрине. Дегбірім қашып…

– Жарақатыңыздан айықтыңыз ба? Ойнап жүрсіз бе, қазір?

– Жоқ. Маған әлі екі-үш апта керек. Содан соң ойнайтын боламын. Ал қазір өз клубымдағы ойыншылармен бірге жаттығуды бастадым.

– Сіздің аяқ-қолыңыз балғадай. Яғни жуан. Әлбетте сіздей футболшылар көп жара­қаттанбаса керек еді.

– (күліп) Енді бұл футбол ғой. Жарақатсыз бола ма? Негізі, бір туыс ағам балуан болған екен. Соған тартқан шығармын.

– Ұлттық құрамамыздың жаңа бас бапкері Беранекпен кездестіңіз бе, таныстыңыз ба? Не деді?

– Иә, кездестім. Бас бапкер маған «егер сенде бәрі ойдағыдай болса, әрі қарай құрама сапында ойнайтын боласың» деді. Көреміз енді, қалай боларын.

– Құрама сапындағы жігіттердің қайсысымен тіл табысып кеттіңіз?

– Ұлан Қонысбаевпен. Екеуміз оқу-жаттығу жиынында бір бөлмеде тұрғанбыз. Содан бастап, Ұланмен ашық сөйлесетін болып кеттім.

– Орыс тілін қалай, кімнен үйреніп жүрсіз?

– Үйреніп жүрмін. Мен туған жерімнен кеткенімде небәрі 2 жаста болдым ғой. Сондықтан орыс тілін ұмытып қалыппын. Қазір үйреніп жүрмін. Анам да көмектесуде.

– Ал ата-анаңыз сіз Қазақстанның намысын қорғап жүргеніңізді қалай қабыл алды? Қуанышты ма?

– Әрине, қуанышты.

– Сергей Каримовпен байланысып тұрасыз ба? Оның қал-жағдайы қалай?

– Телефон шалып, сөйлескенмін. Ол да жарақатынан енді айығып келеді. Бас бапкер айтқандай, бәрі ойдағыдай болса, ол да құрама сапында ойнайтын шығар. Бас бапкер шешеді ғой.

– Германияда біздің елдің намысын қорғағысы келетін тағы да футболшылар бар ма? Сізге ешкім ондай ойын сездірген жоқ па?

– Жоқ, білмеймін. Бірақ бір-екі ойыншы бар екендігінен хабардармын. Оның біреуі – Юрий Юдт, Нюренбергтен. Бұл енді бас бапкердің құзыретіндегі іс қой.

– Ал егер «Миландағы» Александр Меркель «Қазақстан құрамасында ойнағым келеді» десе ше?

– О-о, Меркель – жақсы футболшы. Білемін. Ең бастысы, ол жас.

Біраз әңгімелесіп, Шмидтгаль екеуміз қоштастық. Генрих «Үйге машинамен қайтуым керек. Жол алыс» деп қолын берді де, «Орысшам қалай екен, мені түсіне алдыңыз ба, мен сізге өз ойымды жеткізе алдым ба?» — деп тәптіштеп сұрай бастады. Мен оған: «Орысшаңыз жаман емес, біршама үйреніп қалыпсыз, енді қазақ тілін де үйреніңіз», — дедім. Басын изеп, екеуміз осылай жылы шыраймен қоштастық.

 

footbol.kz

Рубрика - Интервью
 

Комментарии  

 
+7 # Zhan 01.04.2011 22:00
Генрих ШМИДТГАЛЬ-керемет футболшы
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+6 # DJ 01.04.2011 22:22
Беранек казакша :eek:
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Kazakh from Almaty 02.04.2011 02:11
Miroslav může mluvit jazykem kazašské 8)
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
-6 # Aian Aitkazyuly 02.04.2011 13:24
карповичті неге айта береді. Постоянно кызыл карточка алып журед
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
-2 # prenzlau 02.04.2011 18:37
бир бир бир бир еки уш торт бес :D
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+4 # SHAMAN 02.04.2011 20:29
Гетериева ненадо больше вызывать ,я че то смотрел весь матч,не увидел ничего такого в нем...у нас таких хватает,так что пускай катится...и попова пускай забирает...и ваще ненадо приглошать иностранцев,так уже не интересно болеть ,за липовую сборную.
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица