Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Біз білмейтін Ұлан
Просмотров: 535
Голосов (10)
Автор: Әзиз Жұмадiл   04.01.2012 17:22

Биыл Қазақстан футбол федерациясының шешімімен еліміздің ең үздік ойыншысы болып Ұлан Қонысбаев танылды. Әділетті шешім. Ұлан биыл ұлттық құрамада да, клуб сапында да көсіле ойнады. Орайы келіп тұрғанда, ел футболының дарынды саңлақтарының бірімен оқырмандарымызды кеңірек таныстырсақ деген едік.

Ұланның әкесі Әбүйірбек ағаның қыз­мет бабымен тұрмаған жері жоқ. Қазақ­станның қай бұрышы болмасын, бұл кісіге таңсықтығы жоқ. Алматыдан оқу бітіре салы­сы­мен жолдамамен Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Никитенка (қазіргі Бозанбай) ауылына жөнелтіледі. 2011 жылдың үздік футболшысы сонда дүниеге келген. Аудан атымен аттас болғандықтан, есімін Ұлан деп қойыпты. Бір қызығы, шақалақ жарық дүние есігін ашқанда алдымен басы шықпай ма, ерекше жаратылған Ұлан аяғымен туған бала екен. Содан 1991 жылы, Ұланның екі жасында прокуратуралық қызметпен Әбүйір­бек ағаның отбасы өзінің туған жері Тараз қаласына көшіп кеткен. Міне, Ұланды футболшы ретінде қалыптастырған – осы қала.

 

Дегенмен ол бірден футболшы болып кете қойған жоқ. Өзінен үш жас үлкендігі бар ағасы Думанның жанынан бір елі қалмайтын кішкентай Ұлан алдымен шахматпен айналысыпты. Тіпті спорттың бұл түрінен облыстық, республикалық турнирлерде алған дипломдары әлі күнге сақтаулы. 1999 жылы ағасы Думан рес­публика біріншілігінде жеңімпаз атанып, спорт шебері атағына қол жеткіз­ген. Бірақ тағдырдың қалағаны шығар, ағайынды екі жігітке шахматшы болуды жазбапты. Думан өте қатты науқастанады. Дәрігер­лерге тексертсе, көп ойланғандық­тан ден­саулығы сыр бергендігін, ендігәрі шахматқа әуестенбеуін айтады. Ағасымен бірге шах­матты Ұлан да қойып кеткен. «Бүгінде шах­мат ойнап тұрасың ба?» – деп өзінен сұрап көрген едік.

 

– Қазір анда-санда ғана ойнаймын. Уақыт бола бермейді. Негізі, спорттың бұл түрі футбол алаңында да пайдасы тиіп жатады. Бірақ ұлттық құрамада да, клубта да әлі ешкіммен шахмат ойнап көрмеппін, – деп жауап берді саңлағымыз.

 

Ал футболға 1998 жылғы әлем чем­пионатынан бастап қызыққан екен. Бразилия құрамасының жейдесін киіп алып, Рональдоның ойынын көру үшін теледидар алдында телміріп отырған қос ағайынды ақыры футбол үйірмесіне жазы­лады. Мұнда да кішкентай Ұлан Думанның артынан еріп барған. Бірақ ол кезде әке-шешесі, бауырлары Ұланнан емес, Думан­нан мықты футболшы шығады деп ойла­ған.

 

– Ұлан өте нәзік әрі арық болатын. Футбол ол үшін уақытша құбылыс деп ой­лай­тынбыз. Қайта Думаннан үмітіміз мол еді. Алаңда өте шапшаң қимылдайтын Ду­манның болашағынан жаттықтырушы­лары да мол үміт күтті. Бірақ мінезі құртты. Өзге ұлттың өкілдерімен жиі келіспей қалатын. Қазір қайта қателіктерін түсініп, енді Ұлан­ның жолын өзі қуып жүр. Ал кішкентайында майысып жүрген кіші інім нағыз еңбекқор болып шықты, – деп өткенді ақтарыла еске алады ағайынды қос жігіттің үлкен ағасы, әке жолын қуған Еркебұлан.

 

– Ағама алғысым шексіз. Соның арқа­сында футболға келген едім. Ол болмаған­да, бәлкім, мені ешкім танымас та еді. Негізі, Думанның қабілеті өте зор. Өзін әлі дәлелдейді. Былтыр бірінші лигадағы «Лашын» клубында ойнаған. Енді «Тараз» футбол клубымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барады. Негізгі құрамда қа­лады деп ойлаймын, – деп Ұлан да аға­сының қабілетіне бағасын берді.

 

Иә, Ұланның 2008 жылдан 2011 жыл­ға дейін «Тараз» сапында ойнап, кейін Астананың «Локомотивіне» ауысқанын білесіздер. Бірақ көпшілік спортсүйер қауымның көкейінде «маусымның жарты­сы өтпей жатып, басқа командаға ауысып кеткені несі?» деген сұрақтың сайрап тұрғаны рас.

 

– Астаналық клубтың бас бапкері Холь­гер Фах мені көп ойнатпайтын. Мүлдем сенбеді деп айта алмаймын, бірақ алаңға жиірек шыққым келді. Кейін «Шахтерден» ұсыныс түсіп, мұндай мүмкіндікті мүлт жібергім келмеді. Бүгінде бұл трансферге өкінбеймін. «Шахтер» бірлігі жарасқан ұжым екен. Бір атаның балаларындай болдық. Чемпион атандық. Мені ҚФФ үз­дік ойыншы деп таныды. Сондықтан «Шах­тер» менің жүрегімнен ойып тұрып орын алды. Ризалығымды білдірейін деп, келісім­шартымды тағы бір жылға ұзарттым, – деп саңлағымыз командасының татулы­ғын атап өтті.

 

Жалпы, биылғы жыл Ұлан үшін сәтті өтті. Ішкі аренада да, сыртқы аренада да өте керемет ойын өрнегін көрсетіп, алаң талғамайтын футболшы екенін дәлелдеді. Ал оның Стамбулда керемет гол соғып, көрерменге лық толы стадионды сілтідей тындырғаны әлі біраз уақыт жанкүйерлер мен журналистерге азық болары анық. «Сәл сәттілік пен тәжірибе жетпей қалды. Әйтпесе түріктерді жеңіп кетер едік», – деп толғаныспен еске алады бұл ойынды футболшымыз.

 

Алайда Ұлан өзін үздік футболшы деп тануға асықпайды. «Жалпы, «ҚФФ мені үздік таниды» деп өзім де күтпеген едім. Әлбетте, маған сенген мамандардың бә­ріне рақмет. Үміттерін ақтауға тыры­са­мын», – деген футболшымыз еліміздің үз­дік ойыншысы болуға өзінің алаңдағы да, алаң жиегіндегі де ең жақын досының бірі Жамбыл Көкеевті лайық көретінін айтты.

 

Иә, бүгінде еліміздің барлық жанкүйері Ұланның болашағынан мол үміт күтеді. Біреу қызығып қараса, біреулер қызғана қырын салады. Ең бастысы, «жұлдыз ау­руын» жұқтырмайтын жігіт екенін ісімен дәлелдеп жүр. Тіпті Таразға барған сайын бірінші кезекте өзінің бала кездегі жат­тық­тырушыларына амандасып, өзі оқыған мек­тебіне де сәлем беріп шығатынын естіп жүрміз. Футболдағы арманы – өзінің сүйік­ті командасы «Барселона» сапында ойнау. Кім біледі, бәлкім, болашақта бұл жігітімізді La-лигадан да көріп қалатын шығармыз. Қазірдің өзінде Қонысбаевқа неше түрлі клубтардың құда түсіп жатқаны туралы сыбыстарды естіп жатамыз.

 

Сөз соңында айта кетейік, қазақ фут­болының әр кезеңінде өзінің жарық жұл­дыздары болған. Бүгінде Тимур Сегіз­баевтың атын атағанда, артынан ерген ізбасарлары Құралбек Ордабаев, Сейілдә Байшақов, Самат Смақов, Нұрбол Жұмас­қалиев сынды жұлдыздарымызды да қатар айтамыз. Болашақта бұл тізімге Ұлан Қонысбаевтың да есімі ілінеді деген сенімдеміз.

 

Алаш Айнасы

Рубрика - Разное
 

Комментарии  

 
+8 # 111343 04.01.2012 17:32
Nurbol Jumaskaliev i Samat Smakov lu4wie futbolisty v istori Kazahstanskogo futbola...li4no moio mnenie.
A kak vy dumaete ???
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+2 # Dogalan 04.01.2012 18:00
өте жақсы жазлыған!!! Мен толығымен келісемін, Ұлан өткен жылдың үздігі, ал Нұрбол мен Самат осы жылы өз өнерін толығымен көрсетеді деген ойдамын!!!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+5 # KZ_ALGA 04.01.2012 18:13
Цитирую 111343:
Nurbol Jumaskaliev i Samat Smakov lu4wie futbolisty v istori Kazahstanskogo futbola...li4no moio mnenie.
A kak vy dumaete ???

Если брать период независимости, то одни из лучших. Все-таки Балтиев смог больше себя реализовать. Показал себя в России, в отличии от Нурбола и Самата. А если брать с советских времен, то там явно получше игроки были
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+3 # ...5 жасар бала... 05.01.2012 09:38
Samat pen Nurbol agalar Kazakstan chempionattaryndagy en uzdik futbolwylar goi...
2o11din uzdik oiynwysy Zhambyl agam bolama dep oilagam, birak Ulan agam bolganyna da kuanywtymyn!
Futbol jaily oryswa okyp-okyp, kazakwa okysan baskawa korinedi, baskawa sipattalady, kyzyk!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
-1 # Shymkent City 08.01.2012 22:38
:lol: :lol: :lol: Ордабасы 1:0 Шахтёр :lol: :lol: :lol:

Ордабасы Чемпион Казахстана!!!!!!!!!!!!!!! !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! !!!!!!!!!!!!!!!!!!!! УМРИТЕ ОТ ЗАВИСТИ ОРДАБАСЫ ЛУДШЕ ВСЕХ !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! !!!! :lol: :lol: :lol: :lol:
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица