Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
«Қайрат»: басты міндет – үздік үштікке ену
Просмотров: 893
Голосов (1)
Автор: Әзиз Жұмаділ ("Алаш Айнасы")   02.03.2011 23:09

«Қайрат» футбол клубы үстіміздегі футбол маусымының бірінші кезе­ңі бойынша, алғашқы алты­лыққа енуі керек. Ал маусым қорытындысы бойынша үздік үштіктен көрінуі тиіс. Бұл межені орындауды Алматы қа­ла­сының әкімі клуб бас­шылығына қадап тапсырды.


Әлбетте, оңай тапсырмалардың са­на­ты­на жатпайды. Әсіресе  жүлделі орын­дар­ға ілігу дәл қазіргі жағдайда «Қайрат» үшін оңай шаруа емес. Десек те, мұндай міндеттің қойылуының өзі команданың же­ңіске деген жігерлілігін арттырары сөз­сіз. Жүлделі орындарға ілікпесе де, жүл­де­гер­­лер ауылының маңына жақындауына сти­мул бола алады. Біз де соған үміт­те­не­міз.

Кеше Алматы қаласының әкімдігінде қала әкімі Ахметжан Есімов «Қайрат» фут­бол клубын қабылдап, жаңа маусымға ақ батасын берді. Алғашқы сөзін «Қайраттың» Қазақстан футболының тарихында орны бөлек команда екенінен бастаған Ахметжан Смағұлұлы алдағы маусымда фут­бол­шы­лар­дың қаржыдан қағажу көрмейтініне де уәде берді.

– Жапаров, сізге тапсырамын. Ай сайын, кешіктірмей, жалақылар фут­бол­шы­лар мен жаттықтырушылардың есеп­шотына уақытылы аударылып тұратындай бол­сын! – деп клуб директорына қарады.

– Жарайды, – деп басын изеді Мұрат Ра­мазанұлы.

– Жалпы, биыл клубтың бюджеті соңғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсті, – деп Ахметжан Есімов сөзін ары қарай жал­ғастырып әкетті. – 2007 және 2008 жыл­да­ры қиыншылықтар көргеніміз рас. 2009 жылы аяққа тұру уақыты болды. Былтыр сол қиыншылықтардан кейін команда ал­ғаш рет премьер-лигада ойнап, бой үйретті десек те болады. Ал биыл команда алдына үлкен міндеттер жүктеп отырмыз. Бұл «Қайрат» үшін аса қиындық тудырмауы тиіс. «КазРосГаз» компаниясымен келі­сім­шартқа отырдық. Бұл да Алматы қаласының намысын қорғайтын клуб үшін үлкен стимул десек болады.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкім­шілігі тарапынан «Қайратқа» биыл 700 миллион теңге бөлінсе, «КазРосГаз» ком­па­ниясының тарапынан 297 миллион 700 мың теңге бөлінген.

Бұдан кейін қала әкімі Орталық стадион­­ның директоры Олег Печеникке қарата сөйледі.

– Орталық стадионның қазіргі жағдайы қа­лай? Футбол матчтарын өткізуге жарай ма?

– Иә, егер ауа райы кедергі келтірмесе «Қай­рат» өз алаңындағы алғашқы кез­де­су­лерінен бастап-ақ матчтарды Орталық стадионда қабылдай алады. «Қайрат» өз алаңындағы алғашқы ойынында Қызыл­ор­даның «Қайсарын» қабылдайды. Міне, сол ойыннан бастап Орталық стадионның есігі ашылады, – деді Олег Владимирұлы.

Сонымен сөз кезегі бас бапкер Вла­ди­мир Никитенкоға да жетті. Владимир Андрей­ұлы жаңа футболшыларды қандай кри­терийлерге сүйеніп таңдағанын айтты.

– Команданың басым бөлігін жаңадан жасақтап отырмыз. Көбінесе соңғы екі жылда жоғары деңгейде өнер көрсеткен футболшыларды алдырттық. Олардың қатарында Мұрат Сүймағамбетов, Руслан Балтиев, Мәдияр Мүмінов, Владимир Бай­рамов сынды саңлақтар да бар. Оқу-жаттығу жиынын үш мәрте өткіздік. Не­гі­зінен, спаринг-қарсыластар ретінде қатар­дағы жай командаларды емес, аты бар, айтулы ұжымдарды таңдадық. Көпшілігімен тең түсіп, біразында жеңіске жеттік. Бірақ бірінші кезекке таблодағы көрсеткішті емес, ойын жүйесін қойдық. Кейбір ойын­дар­дың соңғы минуттарында алаңға өрім­дей жас футболшыларды да шығар­дық. Бірқатар ойындарда жеңіп тұрған сәттерде қақпамызға гол жіберіп алып, кей­бі­реу­лерінде жеңіліп те қалғанымыз сондықтан, – деді бас бапкер.

Жалпы, қысқы оқу-жаттығу жиын­да­рында «Қайрат» барлығы 14 кездесу өткіз­ген болса, соның бесеуін жеңіп, ушеуінде жеңіліп, алтауында тең түскен екен. Жол­дас­тық кез­десулерді Ресейдің «Томь», «Анжи», «Шин­ник» сынды клубтарымен өт­кіз­ге­ні­мізді ескерсек, жоғарыдағы көр­сет­­кіш­ке «көңіл толарлық» деп баға беруге бола­ды.

Сонымен  ХХ Қазақстан чемпионатының тұсаукесер туры 6 наурызда өтеді. «Қайрат» сырт алаңында Өскеменнің «Востогымен» кездеседі. Одан кейін Талдықорғанға барып, 12 наурызда жергілікті «Жетісумен» ойнайды. Ал бүгін елордамызда өткен жыл­дың ел чемпионы «Тобыл» мен кубок иегері «Локомотив» суперкубокты сарапқа салады.

 

Мұрат Сүймағамбетов, «Қайрат» фут­бол клубының шабуылшысы:

– Маусымаралық үзілісте екі-үш ко­мандадан шақырту болды. Бірақ «Қайратты» таңдадым. Келісімшарты бір жылға жарамды. Егер бәрі жақсы бол­са, созуға да болады. Ал тапсырма жай­лы айтар болсам, алғашқы алты­лық­­қа кіруімізге мүмкіндік мол. Үздік үш­­тікке ену жағы қиын болатын сияқты. Де­генмен сол міндетті орындауға ты­ры­самыз.

 

Фото - Нұрғиса Елеубеков

Рубрика - Разное
 

Комментарии  

 
+2 # Med 03.03.2011 00:57
конешна қиын, мүмкін емес!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+3 # Dogalan 03.03.2011 12:39
Ақшаны қайдағы бір "Локомотивқа" құйғанша, басынан осы "Қайратқа" құйғызу керек еді...
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Med 03.03.2011 18:07
Цитирую Dogalan:
Ақшаны қайдағы бір "Локомотивқа" құйғанша, басынан осы "Қайратқа" құйғызу керек еді...

Кім құю керек еді?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Фанатка 04.03.2011 22:44
тек екінші мен үшінші орын бос, бірінші Ақтөбенің орны
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица