Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Қазақ футболшыларының табысы неге құпия?
Просмотров: 552
Голосов (0)
Автор: aladop.kz   17.09.2011 18:22

Өзгенің әмиянына көз аларту, әрине, дұрыс емес. Әйтсе де, әлемге әйгілі үздік спортшылардың ақшаны «күреп табатыны» бәрімізге мәлім. Олардың жуан ортасында аяқдоп шеберлері де бар.

Жыл сайын кімнің қанша табысқа қарық болатынын шотқа салып, шолып отыратын «Форбс» журналының мәліметтеріне сенсек, аргентиналық жарық жұлдыз Лионель Мессидің жылдық табысы өткен футбол маусымында 31 миллион еуроға жетіп жығылыпты. Португалиялық сұрмерген Криштиану Роналду бір жылда 27,5 миллион еуро алады екен. Ағылшын құрамасының көшбасшысы Уэйн Рунидің қалтасына түсер жылдық қаражат – 20,7 миллион еуро деседі.

Тізімді осылай жалғастыра беруге болады, бірақ оның не мәні бар? Өйткені, біз шетелдіктердің қалтасын қанша «қағыстырғанмен», өз спортшыларымыздың айлық табысы қандай екенін білмек түгілі, болжаудың өзіне қиналамыз. Бәрі – жасырын, ешкім ештеңе айтқысы келмейді. Клуб басшылығына немесе футболшыға жалақы жайлы сұрақ қойылса, «бұл жағы құпия» дей салады. Құдды Қазақстандағы футболшылардың қанша табатыны мемлекеттік құпия секілді. Әлде біздегі клубтардың бәрі дерлік жергілікті бюджеттерден қаржыландыратындықтан, сіз бен біз секілді қарапайым салық төлеушілерден жиналған ақшаның қалай аяқдопшылар үшін «ысырап» болып жатқанын жария еткісі келмей ме екен?

«Ақтөбе» клубын асырап отырған аталмыш облыстық әкімшілік қана команданың жылдық бюджетінің 10 миллион доллардың айналасында екенін ашық айтады. Сондықтан шығар, ақтөбелік ойыншылардың жағдайы, жалпы алғанда, жаман емес. Осыдан екі жыл бұрын клубтағы ең төменгі жылдық сыйақы 5 мың долларды құраса, Самат Сымақов, Марат Хайруллин секілді тәжірибелі де таңдаулы ойыншылар он екі айда 70 мың доллардың ар жақ, бер жағында табыс тапқан. Айтпақшы, Германиядағы танымал сайттардың бірі «Қазақстандағы ең табысты футболшы С.Сымақов» деп жариялапты. Оның және астаналық Нұрбол Жұмасқалиевтің айлық жалақысы 5-7 мың доллар шамасында деген мәлімет бар. Былтыр Израильдің «Хапоэль» футбол клубы Саматты өз қатарына шақырып, бір футбол маусымы үшін 30 мың еуро төлейтінін мәлімдегенде, ол ұсыныстан бас тартқан-ды. Демек, оның Қазақстандағы жалақысы әлгі мөлшерден көп болмаса, аз емес. Әрине,

Ресми мәліметтерге сүйенсек, биылғы футбол маусымын «Қайрат» 700 миллион теңге, «Атырау» мен «Жетісу» 900 миллион теңге, «Ертіс» 7 миллион доллар, «Шахтер» 8 миллион доллар бюджетпен бастапты. Мұның бәрі де – әрине, облыстық қазынадан бөлінген қаржы. Ал «Delloite» консалтингтік компаниясы әлемдік футболда көш бастап тұрған бай клубтардың тізімін жариялағанда, үш нәрсені басты негізге алған: олар – матч кезінде сатылған билет пен атрибутикадан, ақыр аяғы сусын мен тіскебасардан түскен қаржы; демеушілер және коммерциялық компаниялармен жасалған келісім-шарт қаржысы; телевизиялық тарату құқығын сатқаннан түскен пайда. Нәтижеде 1-орынды «Реал» (Мадрид, Испания), 2-орынды «Барселона» (Испания), 3-орынды «Манчестер Юнайтед» (Англия) иеленген. Енді салыстырып көріңіз: бізде әлгі үш негізгі критерийдің қайсысы бар?

P.S. Былтыр Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсетін «Барыс» клубына 27 миллион доллар қаражат бөлінген-ді. Бірақ сол ақшаның астында қалған «Барыс» сол күйі плей-офф айналымынан әрі асқан жоқ. Биыл Альберто Контадор мен Александр Винокуров сынды әйгілі шабандоздарымен қош айтысқан «Астана» бір маусымда 20 миллион долларды місе тұтыпты. Бұл екеуінің артында басқа емес, «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры тұр. Жақында аталған қор отандық волейболшыларға да қамқорлық көрсететінін айтты. Демек, волейбол федерациясының вице-президенті Ермек Сырлыбаевтың: «Қыздар құрамасындағы мықты ойыншыларды 4-5 мың доллармен алдай алмайсың», – деген сөзінде жан бар секілді.

 

Комментарии  

 
+1 # Fanat 19.09.2011 20:25
Осы сұраққа біз ешқашан жауап алмаймыз енді
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
0 # Kazakhhhhhhhhhh 21.09.2011 17:55
Халыкктын акшасын жеу ХАРАМ екенiн тусiнбей ештенке болмайды! Алла олардын журегiне иман мен хидаят берсiн! Сол кезде тусiнер деп ойлаймын! Кудай каласа!!!!!!!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # бамбарек Актобе 21.09.2011 21:56
Бурында аке шешемиз айтатын еди, доп ойнаган тозар деп. Казир доп ойнагандар озып тур гой. Не деген акша десенши мынау. Ен болмаса жылына 1-2 мын у.е. балалар уйне болип турса болмаспа екен? Немесе айыкпас ауруга шалдыккан бауырларымызга болип берсе болады гой. Алла разы болар еди. :-?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица