Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Ана тіліміздегі алғашқы спорттық сайт ашылды
Просмотров: 743
Голосов (0)
Автор: Нұрғазы Сасаев ("Алаш айнасы")   25.02.2011 17:10

Қазақстан футбол федерациясы өздерінің ресми сайтының редизайнын аяқтап, осыған орай кеше Алматыда арнайы баспасөз мәжілісін өткізді. Онда ресми сайттарының қазақ тіліндегі жаңа үлгісінің тұсауы кесілді.

Аталмыш сайттың қазақ тіліндегі жаңа үлгісінің тұсаукесер рәсіміне барып, бір жағынан қуанып, екінші жағынан, жерге кірердей болып ұялып қайттық. Бірінші қуанғанымыздан бастайық, сайттың негізгі нұсқасы қазақ тілінде жасалған. Мамандар сапасына өте жоғары баға беруде. Ал Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов:

 

– Сайтымыздың негізгі нұсқасын қазақ тілінде жасадық. Бұл – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Болашақ – қазақ тілінікі. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да баса айтуда. Сондықтан қазақ тілін көпшілікке түсінікті оңай және тиімді жолдармен, яғни спорт, мәдениет, өнер арқылы насихаттай және дамыта беруіміз керек, – деді.

Риза болдық. Айтыңыздаршы, дәл қазір сайттарының негізгі нұсқасын қазақша жасаған қандай спорттық федерация бар? Ал футбол федерациясы алғашқылардың бірі болып осы бастаманы көтеріп отыр. Жалпы, Саян Жақсыгелдіұлының өзінің де қазақшасы түзеліп келеді. Осындай жиындарда әлі қазақша сөйлеуге қысылатындай. Алайда жеке тілдескенде бар ойын ана тілімізде жеткізуге тырысады, негізінен, қазақша сөйлейді. Кім біледі, алдағы уақытта көпшілік алдында да қазақша сөйлер.

Енді бір көңіл аударарлық жайт, қазір футбол федерациясының баспасөз қызметін Измаил Бзаров деген жігіт басқарып жүр. Өткен жылы Ресейден шақыртылды. Басында «осындай адам өзімізде жоқ па?» деп тулағанбыз. Ашығын айтқанда, федерацияның шешімін хош көрмей, қабақ шытқанбыз. Бірақ осы жігіт іскерлігімен және білімімен өзін-өзі мойындатуда. Ең бастысы, қазақ тіліне деген көңілі алабөтен. Өткенде премьер-лига клубтарының барлығының баспасөз хатшылары (пресс-атташелері) толық жиналғанда, соларға және орыстілді журналистерге: «Елбасы «2017 жылы Қазақстан халқының 95 пайызы қазақша сөйлеуі керек» деген, сондықтан қазақ тіліне қазірден бастап айрықша көңіл бөле бастау керек», – деп, пресс-атташелерге сайттарының қазақ тіліндегі нұсқасын жетілдіру керектігін қадап-қадап айтқан. Содан бері әлгі «95 пайызымыз қазақша сөйлеуіміз керек» деген сөзін бір емес, бірнеше рет естідік. Көбіне орыстілді журна­листер ортасында айтады. Шыны керек, осындай сөздерді біздің елдегі орыстілді жур­налистеріміз айтпайды. Ал қазақтілді журналистер айтса, «ұлтшыл» атанады. Осының бәрін таразылай отырып, «Қазақстан футбол федерациясының қазақ тілін жек көрмейтін баспасөз қызметкерін шетелден әкелгені дұрыс болған екен» деген ойдың құшағында жүрген жайымыз бар.

Ұзын сөздің қысқасы, «Қазақстан футбол федерациясы қазақ тіліне бет бұра бастаған екен» деген пікірмен қуанып қалдық. Енді ұялғанымызға келейік.

Қазір бүкіл отандық ақпарат құралдарындағы ел футболы жайлы жазылған мақалалар мен көрсетілген хабарларды сүзіп, саралап жүретін баспасөз қызметкері, яғни жоғарыда өзіміз атап өткен Измаил Бзаров осы баспасөз мәжілісіне қазақ тілінің бір маманын шақырғылары келетіндігін айтып, көмек сұраған. Бір-екі апта бұрын хабарласып, «филолог әрі футболды жақсы білетін адам болса», — деді. «Қазақ тілі мәселесін көтеріп жүрсіздер» деп, неліктен бізге осындай өтінішпен хабарласып отырғандығын да білдірді. Біз қуана келістік. Осындай игілікті шараның басы-қасында болсын деп спортты түсінетін екі-үш адамға хабарласып, келісіп едік. Өкінішке қарай, «келемін» деп кесіп айтқан осы адамдарымыз баспасөз мәжілісіне келмей қалып, ұятқа қалдырды...

Содан соң Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметкері «сайттың қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесіледі ғой, сондықтан қазақтілді журналистер көп болғаны дұрыс болар еді, мен көбісін танымайтын шығармын, сіздер де өздеріңіз танитын журналистерді шақырыңыздаршы» деп өтінген. Баспасөз қызметкері айтпай-ақ, өзіміз де таныстарымызды құлаққағыстандырып жүргенбіз. Бірақ... бірақ шақырған жиырма жур­налисіміздің екеуі ғана келді, кешегі баспасөз мәжілісіне. Бәрі де «келемін» деп сөз берген-ді. Сонда қазақ тілі анатілді журналистерге керек болмаса, кімге керек?! Баспасөз мәжілісі өткен залды толтырған тағы да орыстілді журналистер.

Ол-ол ма... Редакцияға келіп, мақала жазып отырсақ, қазақтілді журналистердің бірен-сараны хабарласып, «сайтты ашып көріп отырмыз, қатесі көп екен» дейді. Енді мақаланы интернеттің алдында отырып алып жазатұғын журналистеріміз ана тіліміздегі алғашқы сайтты аяусыз сын садағына алса, таңғалмаңыздар.

Сайтта қате жазылған терминдер бар екен, оны біз де көрдік. Бірақ сол қателер жайлы өздеріне айттық. «Көш жүре түзеледі» дегендей, ол қателердің бәрі түзетілер, әлі. Қазіргі біздің позициямыз – оларды сынау емес, осындай игілікті істі жүзеге асырып отырғандары үшін көмектесу. Болар елдің баласы бірін-бірі батыр десе керек еді...

Ал енді жаңа сайтқа қысқаша тоқтала кетсек, бұл жоба шамамен үш айдың ішінде жүзеге асырылыпты. Сайттың бас редакторы – футбол жайлы өзекті мақалаларымен көпке танылған талантты жігіттеріміздің бірі Айдын Қожахмет. Қазақ тіліндегі мақалаларға жауапты – Мейрам Сапарғалиев.

«Сайттың редизайніне қанша қаржы жұмсалды?» деген сұраққа Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов: «Қанша қаржы жұмсалғанын айта алмаймын, мұндағы негізгі мәселе – қанша қаржы кеткенінде емес, сайттың қазақ тілінде жасалуында. Сондықтан біз бұл жобаны қаржыдан қысқан жоқпыз», – деді.

Бұл сайтта командалар мен футболшылар жайлы ақпараттар көп. Ұлттық құрама мүшелері жайлы толық ақпарат және статистикалық мәліметтер алуға болады. Суреттер мен бейнеқорлар да көп болмақ. Мұның бәріне өзіңіз осы сайтты ашып көріп, көз жеткізгеніңіз дұрыс болар. Осы сайтқа кіріңіздер, ана тіліміздегі ел футболы жайлы мағлұматқа қанығыңыздар.

 

Комментарии  

 
+4 # Nurik 25.02.2011 17:20
Өте қуаныштымын!!!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+8 # nbmn 25.02.2011 17:27
Kazakhsha bolganimen bari kate oni jurnalist emes orissha stat'iyalardi "perevodchik" arkili audarip koip koigani korinip tur goi!!!! Birak sonda da talpinis ushin "4-" Birak asti ustine tusip maktai berudin kazheti jok!!!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+4 # aidos 25.02.2011 17:52
Жаксы болған екен!!!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+6 # Kazakh from Almaty 25.02.2011 18:16
alamanKZ ше? ;-)
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+3 # ILIAS 25.02.2011 19:23
Kazakh from Almaty дурыс айтасын тунгыш емес одан бурын аламан.кз деген сайт болган жаналыктын атын озгерту керек!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # MyLifeIsLiverpool 25.02.2011 22:58
Автордың сөзінің жаны бар!
Ал қазақша жетік сөйлейтін, футболды ұнататын адамнын бірі мен! Мені алыңыздаршы жұмысқа :-) Бірақ менің оқып жатқан мамандығым журналист емес :lol:
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица