Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) "Иртыш" в ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Беранек алғашқы сынағын сәтті тапсырды
Просмотров: 651
Голосов (0)
Автор: Нұрғазы Сасаев ("Алаш айнасы")   11.02.2011 16:16

Анталиядағы «Ата­түрік» стадионында өт­кен матч жолдастық кез­десу болса да, біздің құ­рама үшін аса маңызды ойын болды. Біріншіден, жаңа бас бапкердің ал­ғашқы ойыны. Екіншіден, ұлттық құрама са­пына бірер жылғы үзіліс­тен ке­йін тәжірибелі ойын­шы­ла­рымыздың бірнешеуі оралды. Үшіншіден, күздегі ресми ойындарда бірде-бір гол соға алмаған біздің футболшыларға құр­ғақ статистиканың тамы­рына балта шабу керек болды. Төртіншіден, қазіргі құрама сапындағы ойыншылардың бәріне өздерінің ұлттық құрама намысын қорғауға лайық екендіктерін дә­лел­деу керек. Себебі бұл құ­ра­маны бас бапкер Мирослав Беранек жасақтаған жоқ. «Мы­нау – біздің ең үздік фут­болшыларымыз» деп Қазақстан футбол фе­де­ра­циясының ұлттық құ­ра­ма­лар департаментінде­гі ма­мандарымыз жинап берді.


Қарсыласымыз – осал емес, азуын айға білеген Франция құрамасын түзде тізерлетіп, тасы өрге домалап тұрған команда. Кейбіреулер тіпті «оларға да жеңіс ауадай қажет, сол үшін олар әуелде өздері келісіп қойған Нигерия футболшыларымен ойнау­дан бас тартып, біздің құрамамен кездесуге келісім беріпті, мақсаттары – жеңіске жетіп, ФИФА рейтингінде жоғарылай түсу» деп, отқа май құя түсті.

Жолдастық кездесу жасыл желегі, яғни түгі көк майса кілемдей ұйысқан тама­ша алаңда өтті. Ауа райы да тып-ты­нық, мамыражай, жанға жайлы болды (+12°С). Стадионға қазақстандық жан­күйерлер көп жиналды. Түркияда оқу­-жаттығу жиынын өткізіп жатқан ко­мандаларымыздың ойыншылары не­ме­се өкілдері келді. Әсі­ресе «Локо­мо­тивтің» ойыншылары өз­ге­лерінен кө­бі­рек болды. Мәскеуден бі­лікті бапкер Ана­толий Чернов та келіпті.

Матч басталған бетте ойыншыла­ры­мыздың алаңдағы орналасу сұлбасына көз жүгірттік. Бәріміздің көкейімізді «жаңа бапкер Смақовты қай шепке қоя­ды екен» деген сауал тесіп барады. Қақпаға Сидельников тұрып, Сма­қов­қа сол қапталдағы қорғаушының қыз­метін атқару тапсырылғаны белгілі болды. Қорғаныстың орталық шебінде Абдулин мен Чернышев ойнап, оң қап­талдағы қорғаушы қызметін Чичулин ат­қарды. Қорғанысқа тірек болар шепте Карпович пен Максим Азовский өнер көрсетті. Жартылай қорғаушыларға келер болсақ, сол қаптал – Нұрғалиевқа, ал оң қаптал Қонысбаевқа сеніп тапсырылды. Жұмасқалиев бел ортада ойқастаса, Хижниченко шабуыл өтінде ойнады.

Ойын өте тартысты өтті. Бұл кездесуге қазылық еткен Молдова төрешісінің ысқырығы безілдеген сәттен бастап біздің футболшылар Беларусь қақпасын торумен болды. Бірақ тайлы-таяғымен алға қарай жөңкілмей, қорғанысқа да көңіл бөлінді. Әсіресе қорғаушылар тым сақ ойнауға тырысты. Бірнеше рет тамаша шабуылдар ұйымдастырып, Беларусь құрамасының қорғанысын піспектеумен болды. Осындай шабуылдардың бірі аса қауіпті болып, Жұмасқалиев тамаша мүмкіндікті кә­де­ге асыра алмай, мүлт кетті. Алайда қар­сыластарымыз сасар емес, сабырлы қа­лыптарын жоғалтпай, олар да біздің қақ­паға қауіп төндіре бастады. Ойындары ойлы да сайлы. Осындай қарбалас сәт­тердің бірінде Абдулин допты алаң сыртына шығарып жіберсе, бірде Чичулин Беларусь футболшысының аяғына оратылып, көгал үстімен сырғанай, допты аутқа тепті.

Шамамен ойынның 23-минутында алаң­ға бір ит жүгіріп шығып, допқа таласты. Абдырып қалған ойыншылар доп­ты өздерінен тартып алған жирен итке үрпие қарады. Төреші басқа допты алаң шетіне лақтырып жіберіп еді, ит соны қуа жөнелді. Абырой болғанда иесі келіп, допты аузына тістеп, жасыл алаңға қайта оралған итті алып кетті.

Көп ұзамай теңбіл доп біздің қақпада тулады. Қарсыластарымыз ұйымдастыр­ған қауіпті шабуылдың бірінде Азовский олардың алға ентелеген шабуылшысын шалып жығып, сұлатты. Пенальтиді жәбір көрген кіші Глеб орындап, есеп ашты.

Бірінші тайм осылай аяқталды. Үзілісте Анатолий Черновты сөзге тарттық:

– Бұл ойын жаңа бапкердің қабілеті мен біліктілігін пайымдауға өлшем бола алмайды. Бірінші тайм бойынша оған баға беру мүмкін де емес, дұрыс та емес. Себебі бұл құраманы ол өзі жасақтаған жоқ. Ол әлі біздің ойыншыларымызбен танысып та үлгермеді. Шабуылшымыз допқа жабыса алмай, бос сенделуде. Аяғына доп тиер емес. Финонченконы шығарса, ол допқа жабысар еді. Ал белорустарға келер болсақ, олардың ойындары мандымай жатыр. Глеб жоқ. Глеб жоқ болса, ойын да жоқ. Әрине, ол алаңда жүр, бірақ көзге түсер емес.

Екінші таймда қақпаға Лория тұрды. Жанымызда отырған әкесі жымыңдап, қуанып қалды. Жұмасқалиевтың орнына екінші шабуылшы шықты. Біздің құрама шабуылды үдетті. Бірнеше мүмкіндіктерді кәдеге асыра алмадық. Белорустар да қол қусырып жүрген жоқ. Әлсін-әлсін қауіпті шабуылдарымен жүрегімізді аузы­мызға тығып қояды. Сондай қауіпті сәт­тердің бірінде Лория допқа барысша секіріп, бағытын сәл өзгертті. Доп қақпа маңдайшасынан кері қайтты. «Уһ» деп бір терең дем алдық.

Ойынның аяғына қарай біздің футболшылар оларды тықсыра бастады. Шабуылды да, қарқындарын да үдетті. «Әлбетте сексен минуттан кейін тілдері салақтап, шаршап қалушы еді, ал қазір керісінше» деп, риза болып отырмыз. Бас бапкердің аз ғана уақыт ішіндегі еңбегінің жемісі мен нәтижесі осы секілді.

Бір кезде жақын маңдағы мешітте кешкі намаз оқыла бастады. Ырғақты дауыс ап-анық естіліп тұр. Елден келген журналистер мен баспасөз қызметкерлері соңғы минуттарда айқайға бастық. Футболшылар да соңғы минуттар екенін сезініп, алға қарай лап қойды. Бұл талпыныстары зая кеткен жоқ. Смақовтың араласуымен біздің футболшылар Беларусь қақпасына шүйіліп, есепті теңестірді. Опыр-топыр болған ойыншылардың арасында Остапенко өзгелерден бұрынырақ қимылдап, теңбіл допты қақпаға тоғытты.

Қысқаша ғана тоқталып өтер болсақ, бұл ойында алғаш рет ел намысын қор­ғаған Ұлан Қонысбаев жақсы ойнады. Карповичтің пайдасы орасан зор. Смақов та салиқалы ойын өрнегін көрсетті. Жалпы, қорғаныста жаман ойнаған жоқпыз.

Бернд ШТАНГЕ, Беларусь құрамасының бас бапкері:

– Біз бірінші таймда өз ойымызды жүзеге асырып, жақсы ойнадық. Екінші таймда сіздердің жігіттеріңіз көсіле шапты. Біз оларды бағаламай, опық жедік. Әлем чемпионатының іріктеу додасында сіздердің футболшыларыңызбен екі рет кездесіп, екеуінде де басым­дық танытқанбыз. Сол матчтардағыдай емес, құрамаларыңыз жетіле түсіпті.

Мирослав БЕРАНЕК, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

– Бірінші таймда есе жіберіп алға­ны­мызбен, екінші таймда жігерлілік та­ны­та алдық. Матчтың соңына дейін бе­рілмей, бағымызды қарсыластың қақ­па­сының алдынан іздеумен болдық. Ой­ын­шылар менің ой-жоспарымды жү­зеге асыра алды. Бірақ мен бүгін алаңға шыққан ойыншыларды біздің құ­ра­маның негізгі құрамында ойнайтын бо­лады демеймін. Әлі тексеремін, басқа да ойыншыларды сынақтан өткіземін.

Ұлан ҚОНЫСБАЕВ:

– Бірінші ойыным деп мүлде тол­қы­ған жоқпын. Самат, Нұрбол ағаларым, содан соң Андрей Карпович үнемі қол­дап, демеп отырады. Солардың арқа­сында толқу мен толғанысты басымнан өткерген жоқпын.

Андрей КАРПОВИЧ:

– Құрама сапына қайта оралған тәжірибелі футболшылардың өз­де­рін көрсете білгеніне қуаныш­тымын. Самат, мысалы, футболшылар арасында беделі жоғары ойыншы.

Самат СМАҚОВ:

– Қай шепте болсын, ел намысын абыроймен қорғауға дайынмын.

 

Комментарии  

 
+5 # Med 11.02.2011 20:47
жарайсыңдар жігіттер. Шторк ойын нәтижесін естіп іші күйген шығар
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # MyLifeIsLiverpool 12.02.2011 01:18
Жігіттер енді осы рухтан айырылмандар! Ойын 90 минуттан артық болатынын ұмытпаңдар! Жаңа бапкердің үмітін, ел мен барлық қазақ халқынынң үмітін ақтап, Әзірбайжан командасымен, және де басқа командалармен болатын ойындарда жақсы ойын мен нәтиже көрсетіңдер! Тілектеспін және де әрқашан да қолдаймын !!! :-)
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
-1 # cinik 13.02.2011 22:57
Оттамандар!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица