Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) В ожидании перемен

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Нұрғалиев «Тобылдан» кете ме?
Просмотров: 1171
Голосов (0)
Автор: Әзиз Жұмаділ (Алаш Айнасы)   21.11.2010 11:14
Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталып, ел біріншілігінің тарихында тұңғыш рет Қостанайдың, «Тобылы» чемпион атанғанын білесіздер. Осыған байланысты «Тобылдың» жартылай қорғаушысы, ұлттық құрамамыздың белді ойыншыларының бірі Азат Нұрғалиевпен хабарласып, командасының тарихи жеңісімен құттықтаған едік. Азат НҰРҒАЛИЕВ
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
Туған жылы: 30.06.1986 ж.
Бойы: 1,73 м
Салмағы: 67 келі
Клубы: «Тобыл»
Алаңдағы орны: Оң қапталдағы жартылай қорғаушы
Алаңдағы нөмірі: 7
Биыл ел чемпионатында 26 ойын өткізіп, үш гол соқты.


– Азат, «Тобылдың», барша Қостанайдың жеңісі құтты болсын!
– Көп рақмет! Өз басым бұл жеңісті осы өңірдің халқына арнағым келеді. Өйткені олар бұл күнді талай жыл күтті. Бұрын­ғыларды айтпағанның өзінде соңғы он жылда «Тобыл» алдыңғы қатарлардан көрініп келді. Үнемі жүлдеге ілініп жүрді. Күмісіміз де, қоламыз да жетеді. Ел кубо­гындағы жеңістеріміз де бар. Интертото кубогын да жеңіп алғанбыз. Қоржынымызда тек ел чемпиондығы ғана жетіспей келген еді. Енді міне, бұған да қол жеткіздік. Осы аралықта қаншама сәтсіздіктерімізге қарамастан, командамыздан теріс айналып кетпеген жанкүйерлерге мың да бір рақмет айтқым келеді. Сол үшін бұл чемпиондыққа басқалардан гөрі Қостанай тұрғындары лайықтау.

– Дегенмен, шыны керек, маусым­ның екінші кезеңінде «Тобылдың» ойын өрнегі жүрмей қойды. «Биыл да бас жүлдеден айырылып қаламыз-ау» деген қорқыныш бойыңызды билеген жоқ па?
– Расын айтқанда, мұндай ой, мұндай қорқыныш командамыздағы барлық фут­болшының бойын билеген шығар. Қолда тұрған чемпиондықтан айырылып қала­мыз ба деп қорыққанымызды жасыр­маймын. Басты қарсыласымыздан 12 ұпайға алда келе жаттық та, сәтсіздікке ұшырай бас­тадық. Бірақ дәл уақытында жинақталдық. Өз басым, «Тобылдың» биыл чемпион атанатынына сенімді едім.

– Құпия болмаса, айтып өтсеңіз, соңғы ойындарда қалай жинақ­талдыңыздар? Бойларыңызды тіктеуге не түрткі болды? Әлде бас бапкер Равиль Сабитовқа «қолына қамшы алуына» тура келді ме?
– Әлбетте, Руфаилович біздің бұл атаққа жетуімізге көп көмегін тигізді. Командамыздың өткен жылғыдан да құлпырып кетуіне Сабитовтың қосқан үлесі зор. Дегенмен маусым соңына қарай, шынымен де, ойынымызда құлдырау бай­қалды. Әсіресе өз алаңымызда «Ақтө­беден» 2:5 есебімен жеңілгеніміз масқара болды. Бұл ойыннан кейін көптеген әңгімелер тарала бастады. «Тобылдың» чемпион атанатынына тек қостанайлықтар ғана емес, бүкіл қазақстандықтар күмән­дана бастады. Сөйтіп, футболшылармен жиналып, жігіттерше әңгімелесуімізге тура келді. Клуб басшылығынан ешкім болған жоқ. Тіпті бас бапкерге де айтпай, өзіміз ғана жиналдық. «Жігіттерше» дегенімді дұрыс түсінгеніңіз жөн. Ешқандай төбелес, келіспеушілік болған жоқ. Тек қателік­терімізді саралап, қалған ойындарда соңғы күшімізге дейін алаңда қалдыруға уәде еттік.

– Несімен қызықты болды?
– Мәселен, бұрын 3-4 тур бұрын-ақ жеңімпаздың есімі белгілі болатын. Ал бұл жолы соңына дейін жанкүйерлер мен футболшылар демдерін іштеріне тартып отырды. Оның үстіне, федерацияның бірінші кезеңнен кейін командаларды екі топқа бөліп тастағаны дұрыс болды. Нағыз қызық осы кезде басталды.

– «Тобылдың» чемпиондығына дауласпаймыз. Дегенмен Қостанайдың командасы үшін ең қиын қарсылас қай клуб болды?
– Қай ұжым болмасын, «Тобылға» қар­сы ерекше дайындалып ойнады. Алайда «Ақтөбе» мен «Локомотивті» ерекше атап өтпеске болмайды. Бұл ұжымдармен текетіресу қай кезде болмасын оңайға түскен жоқ. Оған осы командалармен өткізгендегі нәтижелер куә. «Ақтөбені» баяғыдан бері білеміз. Олардың әлеуетін басында-ақ байқағанбыз. Ал осы жылы өз басыма «Локомотивтің» ойын өрнегі ұнады. Елордалық клуб биыл барлық турды біркелкі, өз ойындарынан танбай өткізді. «Локомотив» ел чемпионатында толық ашыла алмағанымен, ел кубогы жолында көсілді. Мен, негізі, ел кубогынан «Тобыл» шығып қалғаннан кейін өзімнің туған қаламның намысын қорғайтын «Ордабасыға» жанкүйер болғанмын. Бірақ өкінішке қарай, «Ордабасы» финалға жетпей сүрінді. Сөйтіп, ақтық сында «Локомотив» үшін тақымымды қысып отырдым.

– Азат, енді өзіңіз жайында әңгімелессек. Өзіңіздің биылғы өнер көрсетуіңізге қандай баға бересіз?
– Жыл жаман өтті деп ойламаймын. «Тобыл» ел чемпионы атанды. Бұл – менің де бірінші «алтын тәжім». Мен команданың негізгі ойыншыларының бірі болдым. Яғни чемпиондыққа менің де тікелей қатысым бар. Ұлттық құрама сапына да шақырылып жүрдім. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмау керек. Әлі де жетіле түсуіміз керек. Менің ендігі мақсатым – қаңтар айында өтетін «Достастық кубогын» жеңіп алу. Өйткені Қазақстанның бірде-бір клубы бұл турнирде әлі жеңімпаз атанбапты.

– Өзіңнің жеке жоспарың туралы айтып өтсең, команда ауыстыратын ойың жоқ па?
– Қазіргі басты мақсатым – «Тобылда» қалу. Дегенмен басқа ұжымдардан түсетін ұсыныстарды да қарастыруға әзірмін. Өйткені қазір менің «басым бос». Яғни биыл «Тобылмен» келісімшартым аяқталды. Алда не боларын уақыт көрсете жатар.

– «Тобыл» басшылары келісімшартты ұзартуға ұсыныс жасаған жоқ па?
– Ресми түрде әңгімелеспедік. Дегенмен олардың маған деген ниеттері түзу. Бізге еш нәрсе ойламай демалып, тынығып алуға тапсырма берді. Енді демалысымыз біткен соң, басшылық келісімшарт үстеліне шақырады деп ойлаймын.

 

Комментарии  

 
+2 # kazakh 22.11.2010 05:45
рахмет! Азатқа Европаның мықты клубына барса жақсы болар еді! Танатты бурында Янг-Бойз деген мықты клубқа шақырдығой!
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица