Видео

Горячие баурсаки

Лента новостей

(05/23/12) Футбольный клуб «Тараз» и его фанаты не просили Нурсултана Назарбаева поменять руководство Федерации

(05/22/12) Асхата Кожабергенова официально представили футболистам "Сункара"

(05/22/12) Определен состав Национальной сборной Казахстана на матчи с Кыргызстаном и Арменией

(05/21/12) Экс-казахстанец будет играть за «Бакы»

(05/20/12) Отчет о матче: «Ордабасы» — «Иртыш» 2:1

(05/20/12) Отчет о матче: «Актобе» — «Атырау» 1:0

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура Премьер-Лиги

(05/20/12) Петрович против Грозного. Кто окажется сильнее?

(05/20/12) Статистика матчей 11-го тура турнира дублеров команд Премьер-Лиги

(05/18/12) ФФК пришлось запретить проведение домашних матчей Лиги Европы в Шымкенте

(05/17/12) Сергей Гридин забил 10-й гол в Кубках Казахстана

(05/17/12) Казахстанец поедет на Евро-2012 благодаря 4-летнему сыну

(05/15/12) 22-летний норвежский футболист был найден мертвым на стройке

(05/15/12) «Тараздың» демеуші-сақтаушысы – «Алатау»

(05/15/12) Завтра пройдут матчи предварительного этапа розыгрыша Кубка Казахстана-2012

(05/13/12) Куралбек Ордабаев: "Нурмухаметов на мандраже, а Бекбаеву не хватает пластичности"

(05/13/12) Вячеслав Грозный: «В очередной раз пришлось характер проявлять»

(05/13/12) Ненад Эрич: «Я хочу извиниться перед болельщиками»

(05/13/12) Отчет о матче: «Тобол» — «Жетысу» 2:1

(05/12/12) Казахстанец будет играть в Премьер-Лиге России

(05/12/12) Дебютант не слабее базового клуба сборной

(05/12/12) В Астане прошел Кубок посла Германии в РК

(05/12/12) Отчет о матче: «Астана» — «Сункар» 0:0

(05/12/12) Мирослав Беранек: «Сегодня мы потеряли два очка»

(05/11/12) Футбольный болельщик скончался во время матча в Усть-Каменогорске

(05/10/12) Слободан Крчмаревич — главный тренер «Жетысу»

(05/09/12) "Кайрат" снял рекламу-призыв на матч с "Ордабасы"

(05/08/12) Сергей Остапенко провел 40-ю игру в составе «Астаны»

(05/08/12) Культурно сыграли в футбол

(05/08/12) Владимир Белявский: «Создание футбольного центра — это построение пирамиды, вершиной которой являетс

(05/07/12) Назначение судей и инспекторов на матчи 10-го тура Премьер-лиги

(05/07/12) Статистика матчей 9-го тура Премьер-Лиги

(05/06/12) "Шахтер" будет готовиться к квалификации Лиги чемпионов в Австрии

(05/05/12) Игру увидят все!

Контакты

Gmail E-Mail: info@chemp.kz
Skype Skype: Chempionat.kz
ICQ: 631406384
Өз бауырың аямаса…
Просмотров: 1577
Голосов (0)
Автор: Есей ЖЕҢІСҰЛЫ   14.09.2010 17:42

Euro-2010 іріктеу кезеңін Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде жеңіліспен бастады. Біздің құрама үшін ең ыңғайсыз (ыңғайлысы бар ма өзі?) саналатын түріктер тағы да ойсырата ұтты. Ірі есеппен жеңілуден жаңа қақпашы да, «жаңа қазақтар» да, ескі гвардия да құтқара алмады. Бас бапкер Бернд Шторк тізгінін ұстаған 8 ресми ойынның бесеуінде Қазақстан құрамасы кемі 3 доп айырмасымен ұтылды. Бұрынғыдай емес, қазір қазақстандық жанкүйер үміт дүниесіне де сапар шегуді қойған. 3 қыркүйектегі Түркиямен матч қарсаңында олардың санасында «неше доп айырмасымен жеңілер екенбіз?» деген ой ғана тұрғанына сенімім кәміл. Бұған дейінгі қос бауырлас құраманың екі кездесуі 2004 және 2005 жылдары 0:10 есебімен (0:4 және 0:6) Түркияның жеңісімен аяқталған-ды. Бұл жолы, Аллаға шүкір, көрсеткішімізді біраз «жақсарттық», қақпамызға «бар-жоғы» 3 гол жібердік. «Ілгерілеу» бар ма? Бар, әрине… Ойын барысы жайлы термелеп жатудың қажеті шамалы, жұртшылық бәрін теледидардан көрді. Біз әрбір шеп бойынша үздік футболшыларымыз көрсеткен ойын өрнегін талдап көрейікші. Қақпада Андрей Сидельников («Ақтөбе») тасқамал бола алмады. Бірінші және үшінші голдың енуіне «еңбек сіңірген» ердің біреуі – осы Андрей. Әуелі қарға бойлы Сабридың баспен соққысынан көз жазып қалды. Өз басының қайда, аяғының қайда екенін шамалай алмай, есеңгіреп жатқанда, Арда Тұран алақайлап барып, допты итере салды. Мұндай сыйлықты Тұран даласының Түркиядағы перзентіне ешкім ешқашан жасамаған болар, сірә. Екінші гол Сидельниковтың көзінің отын жарқ еткізгені сөзсіз. Өйткені, доп тура төбесінен ду ете қалды ғой! Сидельников қолын созып та үлгермеді. Реакция нашар деген сөз! Шынын айтқанда, қауіптің бәрін сызыққа тұрып алып күтетін, қақпадан шығып ойнауға тәуекелі жетіңкіремейтін қақпашылар өз елімізде де – пішен топан! Лорияның да, Мокиннің де «ауруы» сол болатын. Онда Сидельников неге керек? Үшінші голды тіпті айтуға да тұрмайды. Сидельниковты Ниһат жас балаша алдап өтті. Мен бас бапкер болсам (ондай тізгінді жақын-жуықта ешкім қолыма бермесіне және сенімдімін), Сидельниковтың «АЗ Алкмаардан» Ақтөбеде жіберген голынан кейін құрама есігінен сығалатпас едім…
Қорғаныста көз үйренген үштікке «жаңа қазақ» Алексей Попов («Амкар» Ресей) қосылды. Өмірдің заңдылықтан тұратыны ып-рас, сондықтан да қосылғыштардың орны өзгергенмен, қосынды ( түпкі нәтиже) өзгерген жоқ. Сол қапталда – Кислицын, ортада – Абдулин мен Попов, сол жақта – Киров. Дәстүр бойынша, осы төрттік құраған қорғанысты түрік бауырлар қалауынша дар-дар айырды. Бірінші голды көз алдыңызға қайта әкеліңізші. Сабри баспен қатты ұрған доп әуелі бағанаға тиді де, «мені соға салыңдаршы» дегендей, сорымызға қарай, қақпамыздың алдына домалады. Осы кезде төрт қорғаушы не істеуге тиіс еді? Олардың не істеп, кімді бағып кеткенін өз басым түсінбедім, әйтеуір тұруға тиіс нүктеде жоқ болып шықты… Сол кезде Ардаға кедергіні кім жасамақ болғаны естеріңізде ме? Остапенко! Жалғыз шабуылшы! Демек, қорғаныстағы төрттік «қой бағып кетті» демеске лаж жоқ. Екінші «гол тіпті масқара! Биылғы чемпиондар лигасының жартылай финалында Ариен Роббеннің («Бавария») «Манчестер Юнайтед» қақпасына «Олд Траффордта» соққан голының көшірмесі болды да шықты. Ол голдан айырмашылығы – Қазақстан қақпасын сонша дәлдікпен бұл жолы «Баварияның» басқа ойыншысы Хамит Алтынтоп көздеді. Біздің қорғаушылардың осы сәтте одан да маңызды шаруасы болған болуы керек, топырлап жүргені болмаса, торға түскен допты бір-ақ көргені күмәнсіз. Үшінші гол да қақпамызға үлкен мазақпен енді. Құрама деңгейінде ойнау бақыты кенет бұйырған Поповты да Ниһат қалауымша үйірді. Сондықтан қорғаныс шебіне қоятын бағамыз – семіз нөл!
Жартылай қорғаныс туралы там-тұмдап жақсы әңгіме айтуға болар еді. Егер Максим Азовский болмаса! Осы жігіт қандай ойыншы өзі? Ресми құжаттардың бәрінде шабуылшы болып тіркеледі. Жыл сайын команда ауыстырады. Футболшы атанған 7-8 жыл ғұмырында соққан голдарының саны 20-ға да жетпепті. Шторк мырза «көргенінен танбайтын соқыр» сияқты. Максимді негізгі құрамға, онда да аса жауапты шепке – Андрей Карповичпен бірге артқы жартылай қорғаушы орнына қояды. Түріктермен ойында «қанымызды қасықтап ішкен» осы Азовский болды. Басқа-басқа болса, аптасына – бір рет, болмаса – ол да жоқ, әуесқой деңгейінде доп тебетін. ФИФА-2010 компьютерлік ойынын ойнап рахаттанатын біздің өзіміз өте жақсы білеміз – алдап өткен ойыншының артқы жағынан шабуылдауға (подкат жасауға) бол-май-ды! Максекең өзінен оп-оңай бұлт ете қалып жүрген Ниһатқа, Ардаға, Сабриге, Тұнжайға қайта-қайта сөйтеді-ей! Ең құрығанда, сол «подкатты» сауатты жасаса ренжімес едік, аяғы ауа қармап қалған сайын «төреші осы баланы алаңнан қуып жібермес пе екен?» – деп үрейленіп біттік. Бүйтіп көрген күніміз құрсын! Есікте туып, атажұрты Германияға кеткен Генрих Шмидтгаль тәуекелшіл футболшы екен. Екі-үш қарсыластың талауында қалса да, бағын алдан іздейтіні ұнады. Бірді-екілі эпизодта Генрихтің сытыла шапқаны да көз алдымызда. Өкінішке қарай, жартылай қорғаныстағы басқа жігіттер тым қорқақтап ойнады. Нұрбол Жұмасқалиев неше рет тәп-тәуір басталған шабуылды өзі ірікті. Допты Карповичке береді, Андрейдің бір паспен қарсыласын тығырыққа тірейтін әдеті о бастан болған емес. Сондықтан басталған қарымта (!) шабуылдардың көпшілігі Жұмасқалиев – Карпович – Абдулин немесе Попов – Сидельников траекториясымен «өз Отанына» оралып жатты. Азат Нұрғалиевтің құрамаға бой үйретіп қалғаны білінеді. Бірақ Азат та ойын тағдырын қолына алуға қорқақтайды.
Атағынан ат үркіп тұрса да, Сервет Четин, Өмер Ердуан сияқты бойы 190 сантиметрден асатын еңселі қорғаушылар болса да, қақпаны ұлттық құрама сапындағы небары екінші ойынын өткізіп жатқан Онур Кыврак қорғаса да, түрік қорғанысын аса мықты дей алмас едік. Бұл қорғаныстың да сыр берген кездері болды. Және бір емес, бірнеше рет! Өкінішімізге қарай, иықты Сергей Остапенко оларды бірде-бір рет састыра алған жоқ. Оны айтасыз, алаңда өткізген 72 минут ішінде ол Кыврак қақпасына жалқы соққы жасай алған да жоқ! Түрік қақпасына гол салатын таза 5 мүмкіндігіміз болды, соның төртеуінде қорғаушыларымыз (!) қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Абдулин – 1 рет, Кислицын – 2 рет, Рожков – 1 рет. Шмидтгальдің 1 қауіпті соққысы да осы санатта. Тым құрығанда, тең ойнау үшін шабуыл нәтижелі болуға тиіс. Бірақ жалғыз шабуылшы Остапенко да, оны сол кейініректе қолдауға тиіс Жұмасқалиев те өз міндетінен бөлек шаруамен айналысты. Тартысты, айып доптарын әуелетті, қорғанысқа көмектесті, бірақ екеуі де Кыврак қақпасын «елеген» жоқ.
Қорыта айтқанда, Қазақстан құрамасы баяғы ортадан да төмен деңгейде ойнады. Жоқ прогресті бар деп айтып, күллі оқырман алдына ұят қалар жағдайым да жоқ.
Ендігі сөз бас бапкер туралы. «Төрт ойында үш ұпай алмасаң, еліңе тура жол – әне!» – деген талап Шторк мырзаның басын тауға да, тасқа да ұрғызып жатыр. ҚФФ-ның осы талабы болмаса, Құдай біледі, құрамада С.Кәрімов, Г.Шмидтгаль, А.Попов, Қ.Гетериев сияқты ойыншылардың ізі де болмас еді. Шторк «жастарды өсіру – басты міндетім» – деп қойып, «ойын ұрттап, қойын құрттап» жүре берер еді. Енді майлы сүйектен айырылып қалмас үшін түрлі эксперименттер жасап әуре. Кез келген жанкүйер жақсы біледі – ұлттық құрама эксперимент жасайтын орын емес! Ұлттық құрамада сол елдің үздіктері ойнауға тиіс. Өз басым Ресей асып келген, 32 жастағы Алексей Поповқа емес, Қазақстанның бірнеше дүркін үздік футболшысы, 32 жастағы Самат Сымақовқа алабөтен іш тартамын. Азовскийдің орнында Сергей Скорых ойнаса да, тәп-тәуір ансамбль болатынын жүрегім сезеді. Салмағы артып кететіні ғана басына бәле болып жабысқан Мұрат Тілешевтің құрамадағы бағы бір ашылмады. Әмбебап Қайрат Нұрдәулетов құрамада неге жоқ? Сұрақ көп… Жауабын ешкім білмейді. Шторктың өзі де, сірә…
Әлемде 125-орындағы құрамамыз! Соңымызда – Әзербайжан, Қырғызстан,
Түркіменстан, Сан-Марино және Андорра, Тынық мұхитындағы саны жоқ аралдар. Азияның тең жартысы. Кариб бассейнінің кәкір-шүкірлері бар! Бізге осы орын да жетеді… Өйткені, дәл қазір, тым құрыса, жүздіктің қатарына сыналап енетін де үміт жоқ. Түріктермен ойын осы заңдылықты тағы бір дәлелдеді. Түбі бір түрік бауырлар бетіңді шиедей ғып жатқанда, ертең Бельгия мен Германия, Австрия мен Әзербайжан аяушы ма еді?.. Өзімізге де сол керек!

Р.S. Өз тобында алғашқы бәсекеде ірі есеппен Түркияға есе жіберген Қазақстан құрамасы келесі кездесуде Австриядан да жеңіліп қалды. 90 минут бойы қақпаны берік ұстаған жерлестеріміз қосымша уақытта осалдық танытып, нәтижесінде бір емес, екі допты жіберіп алды.
Ойын басталысымен тізгінді қолға алған алаң иелері біздің құрама қорғаушыларын тықсыра бастады. Жиі шабуыл ұйымдастырып, Сидельников қақпасына бірнеше рет қауіпті соққылар жасады. Ойынның негізгі уақытында екі жақ тең түсті. 90-шы минутта қарсыластың тепкен добы біздің қақпадан табылды. Қарымта шабуыл ұйымдастырмақ болған қазақ ойыншылары допты өзіне бағындыра алмады. Бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланған шабуылшы Эрвин Хоффер есепті еселеді.

“ЖАС ҚАЗАҚ”

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Eurostudy.cz

ФК "Астана"

Казахстан 0-0 Австрия

Друзья

Инфо. Казахстан (07.03.2012)

Рейтинг ФИФА

142

Рейтинг УЕФА

49

Таблица коэф.

40

Игр

136

Побед

33

Ничей

32

Поражений

71

МЗ-МП

143-225

Капитан

Кайрат Нурдаулетов

Больше всего игр

Руслан Балтиев (73)

Больше всего голов

Руслан Балтиев (13)

Главный тренер

Мирослав Беранек (ЧЕХ)

Турнирная таблица